Қысқы

Алматыда керлингтен ел біріншілігі басталды

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда керлингтен Қазақстан біріншілігі басталды. Бұл сынға еліміздің 6 облысынан 120 үміткер келді.

Енді санаулы күндерден соң Норвегияда әлем кубогы мен аралас жұптар арасында әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Оған Қазақстан атынан Ситора Алиярова мен Абылайхан Жүзбай қатысады. Егер біздің құрама үздік 16 команданың қатарынан көрініп жатса олимпиада жолдамасына иелік етеді. Керлинг елімізде кенже қалған спорт түрі. Дегенмен жыл өткен сайын керлингке қызығушылар саны артып келеді. Қазір Қазақстанның 10 облысында керлинг федерациясы ашылып, ұлттық біріншілікке қатысушылардың саны 1500-ге жетіп отыр. Бірақ елімізде мұз айдындарының аздығы керлингтің дамуына кедергі келтіріп отыр - дейді мамандар. Алматыда өтіп жатқан ел біріншілігінің жеңімпаздары сәрсенбі күні анықталады.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер