Футзал

Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері марапатталды

Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері марапатталды
news-banner7
mobile-news-top
Алматы қаласында «Жетісу» мен «Аят» командалары арасындағы ойын аяқталғаннан кейін Қазақстан Чемпионатының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Футзалдан 2018-2019 жылғы маусымда Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдесін рудныйлық «Аят» иеленді. Қола жүлдені тұңғыш рет талдықорғандық «Жетісу» жеңіп алды. Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының Футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионы атағын алматылық «Қайрат» жеңіп алған еді. «Қайрат» ойыншылары бұл атаққа 16 рет қол жеткізіп, Чемпиондар Лигасына жолдама алды.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер