Шведова Индиана-Уэллсте екінші айналымға шықты
![Шведова Индиана-Уэллсте екінші айналымға шықты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1394088868_863916592.jpg?v=28697243)
Ярослава Шведова АҚШ-тың Индиана-Уэллс қаласындағы BNP Paribas Open турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші бірінші айналымда Оңтүстік Африка Республикасының теннисшісі Шанель Схеперстен үш сетте 4:6, 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.
Келесі кезеңде Шведова Эстониялық теннисші Кайя Канепимен күш сынасады.