«Барыстың» плей-оффтағы қарсыласы
![«Барыстың» плей-оффтағы қарсыласы](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1394083992_934894836.jpg?v=28697484)
Астаналық «Барыс» хоккей клубының құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды.
Елордалық команда 1/4 финалда «Автомобилистпен» күш сынасады. Алғашқы ойын 8 наурызда Астанада өтеді. Екі команда да соңғы турдағы ойынын әлі өткізген жоқ. Дегенмен, «Сибирь»командасы өз алаңында Новокузнецкінің «Металлургін» жеңгеннен соң, олардың 6-орында қала беретіні белгілі болған. Яғни, 7-ші орынға «Автомобилист» табан тірейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» шығыс конференциясында 2-орын иеленді. Екатеринбургтің клубымен «Барыс» бұған дейін 10 рет кездесті. Соның 6 ойынында елордалықтардың мысы басым түсті. Қалғанында «Автомобилист» хоккейшілері жеңіс тойын тойлады.
«Барыстың» ширек финалдағы ойындар кестесі
«Барыс» |
8 наурыз |
9 наурыз |
|
|
14 наурыз |
|
18 наурыз |
«Автомобилист» |
11 наурыз |
12 наурыз |
|
16 наурыз |
|