русский язык

Сәуірде «Stars On Ice 2014» шоуы өтеді

Сәуірде «Stars On Ice 2014» шоуы өтеді

2013 жылдың мамыр айында Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен бастамашы болған бірегей мұз айдын шоуы өткен болатын. Биыл Алматы жастары мәнерлеп сырғанаудан сәуір айының басында «Stars On Ice 2014» шоуын өткізеді. Қазіргі таңда аталмыш сайысқа қызу дайындық өтіп жатыр.

Мұз айдыны шоуына қатысатын Дана мен Олжас жұбы бүгінгі жаттығу жиынында мұзайдында көрсететін нөмірлерін пысықтауда. Мәнерлеп сырғанау спорттының қыр-сырын меңгіріп жатқан студенттердің басты мақсаты жүлде ұтып алу.

Дана ОМАРОВА қатысушы:

«Бұл қаламыз үшін үлкен сый болмақ. Дайындығымыз жаман емес. Әлі де түзейтін жерлер бар, сондықтан бір ай жаттығамыз. Осы шоу еліміздің мәнерлеп сырғанау спортының дамуына серпін беріп, болашақта бізден де мықты мәнерлеп сырғанаушылар шығады деп сенемін».

«Stars On Ice 2014» мұз айдын шоуы сәуір айының 4-і күні өтеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;