Теннис

Бублик Монтеррейдегі турнирде жеңімпаз атанды

Бублик Монтеррейдегі турнирде жеңімпаз атанды
news-banner7
mobile-news-top

Александр Бублик мексикалық Монтеррейде өткен Abierto GNP Seguros турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Финалда Бублик эквадорлық Эмилиано Гомеспен кездескен. Бұл матчта қазақстандық теннисші фаворит болды.

Бублик өзінің деңгейін көрсетіп, 6:3, 6:2 есебімен қарсыласын оңай жеңді. Финалдық матч бар болғаны 55 минутқа созылған.

Осылайша, Александр Бублик осы маусымда үшінші титулын иеленді. Бұған дейін ол Бушапешт пен франциялық По қаласындағы турнирлерде жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер