Beautiful Football

Швециялық жанкүйер «Ертістің» матчына арнайы келген

Швециялық жанкүйер «Ертістің» матчына арнайы келген
news-banner7
mobile-news-top

«Ертіс» - «Тараз» матчын тамашалау үшін Павлодар қаласында Швеция тұрғыны ат басын бұрды.

Әлемнің түкпір-түкпірін аралап, әр түрлі командалардың матчтарына қатысып, саяхаттағанды ұнататын Дэниел Эклунд есімді азамат «Ертістің» стадионында болып қайтты.

Айына бір мемлекетке барып, міндетті түрде ойынды тамашалауға келеді екен. Жыл басында Мальтада, ақпанда Польшада, ал наурызда Италияда болған.

Ал Қазақстанға келуді жоспарлағанда қай клубтың матчына барамын деп ойланып, шешімін «Ертіске» тоқтатыпты. Оның айтуынша, «Ертіс» оның сүйікті клубы «Ливерпульге» ұқсайды екен.

Дэниел Эклунд Астанаға (менің елордам - Астана) келісімен әуежай қызметкерлері оны 2 сағатқа ұстап қалған. Сөйтіп, Астанадан таксимен 12-де шыққан Дэниел «Ертіс» - «Тараз» матчының тек 30-шы минутына үлгерді. Дегенмен клуб қызметкерлері қадірлі қонақты күтіп алып, жанкүйерлермен таныстырған.

Міне, осындай да қызықты оқиғалар болады екен. Жанкүйерлеріміз көп болсын!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер