Басқа

Қазақстан атынан шыққан кениялық спортшы марафонда рекорд орнатты

Қазақстан атынан шыққан кениялық спортшы марафонда рекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық желаяқ Кэролайн Кипкируи Чехиядағы "Sportisimo Prague Half Marathon" беделді әйелдер арасындағы жартылай марафонын жеңіп, жаңа рекордын орнатты.

Кипкируи 21 километр 97,5 метр қашықтықты 1 сағат 05 минут 44 секундта бағындырды. 26 жыл бұрын Қазақстанның рекордын Наталья Сорокивская 1993 жылдың қаңтар айында Нидерландта өткен марафонда 1 сағат 12 минут және 55 секундта жүгіріп өткен еді.

Айта кетерлік қызық жайт, барлық жүлделі тұғырды әр елдің атынан шыққан кениялықтар иеленді. Күміс жүлдеге израильдік Лона Чемтай Корлима ие болды-1 сағат 06 минут және 13 секунд. Ал қола жүлдеге Кения ньери Матати қашықтықты 1 сағат 07 минут және 52 секунд аралығында жүгіріп өткен.

2018 жылы Кениядан келген 5 азаматша қазақстандық атанды. Олар:Шедрак Коэч (1999 жылы туған) жеңіл атлет, сондай-ақ үш қыз Нора Джеруто (1995 жылы туған), Каролин Қыпкируи (1994 жылы туған) және Дэзи Джэпкимэй (1996 жылы туған)

Естеріңізге саламыз, Кэролайн Кипкируи-Африка чемпионы және жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер