русский язык

Қазақ күресi Олимпиада ойындарына енуі мүмкін

Қазақ күресi Олимпиада ойындарына енуі мүмкін
Қазақ күресiн Олимпиада ойындарына енгiзу жоспарлануда. Бұл туралы бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiм еттi. 
 
«Қазақ күресiне қатысты былтыр үлкен халықаралық конференция өткiзiлдi. Оған шетел ғалымдары да қатысты. Бүгiнгi таңда бiз қазақша күрестi Азия ойындарына енгiзу бойынша жұмыстарды атқарудамыз. 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өтетiн Азия ойындарында қазақша күрестi көрсетемiз бе деп отырмыз. Негiзгi бiздiң мақсатымыз - қазақша күрестi Олимпиада ойындарына кiргiзу», - деп атап өттi агенттiк төрағасы.
 
«Әрине, бүгiнгi кезде сенбейтiн адамдар күлiп қарауы мүмкiн, бiрақ ұлтымыздың осы мұрасын мәңгiлiкке кейiнгi ұрпаққа қалдыру үшiн бiз жол ашуымыз шарт. Бiрақ оның өз кезеңдерi болады. Бiрiншiден, бiз қазақ күресiн бүкiл дүние жүзiне таратуымыз керек. Ол үшiн миссионерлердi жiберуiмiз керек. Шетелдегi студенттер арқылы да дәрiптелмек. Одан өзге қазақ күресiне қатысты бағдарлама жасалуда», - дедi Т. Есентаев.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;