русский язык
Футбол

«Астана» ойыншылармен таныстыру рәсімін 10-ы күні өткізеді

«Астана» ойыншылармен таныстыру рәсімін 10-ы күні өткізеді
10-шы наурыз күні Астанадағы «Мега» ойын-сауық орталығында «Астана» футбол клубының жаңа маусымға таныстыру рәсімі өтеді, деп хабарлайды елордалық клубтың ресми сайты. 
 
«Мегада» елордалық команданың негізгі құрамамен жаңа ойыншылар - Беларусь құрамасының футболшысы Ренан Брессан, «Шахтердің» бұрынғы қорғаушысы колумбиялық Рохер Каньяс, болгариялық шабуылшы Атанас Курдов және Қазақстан құрамасының ойыншылары Дмитрий Шомко, Серікжан Мұжықов, Бауыржан Жолшиев пен жастар құрамасының футболшылары Виталий Ли және Георгий Жуков ресми таныстырылады.
 
Аталмыш шара 10-шы наурыз күні сағат 16:00-де «Мега» ойын-сауық орталығында өтеді деп жоспарланған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;