Күрес

Arlan Grip Championship/Kids турнирі өтіп жатыр

Arlan Grip Championship/Kids турнирі өтіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда қыздар мен ерлер арасында бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Championship/Kids «Koktem Open-2019» xалықаралық турнирі басталды.

Бүгін жарыстың алғашқы күні 6-17 жасар кез келген балалар мен жасөспірімдер арасында өткізіліп, оған рекорттық - 640-қе жуық жеткіншектер қатысты.

- Әрине, өте қуанышты әрі күтпеген жағдай. Біз барлығын өте жақсы ұйымдастырдық деп ойлаймын, себебі төрешілік әрі ұймыдастыру жағынан ешқандай наразылық туған жоқ. Жарыстың бірінші күні керемет болды, - деген төреші Олжас Досжанов.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін ұйымдастыру бойынша ешқандай кемшілік болмаған, себебі жылдан жылға бұл спортқа деген қызығушылық артуда. Қатысушылар саны өскен сайын, ұйымдастырушылардың да тәжірибесі молайып келеді.

Бұл турнир кез келген қатысушылар арасында ABB Arena-да IBJJF халықаралық федерация ережесіне сәйкес әр түрлі салмақ және жас дәрежелері бойынша өтіп жатыр. Оның басты мақсаты елімізде джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жергілікті джитсерлардан бөлек, бұл сайысқа еліміздің әр өңірі мен көрші Қырғызстан мемлекетінен келген үздік жастар да қатысты. Олар көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

- Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Маған қатты ұнады. Осындай ерекше медалді бірінші рет алып тұрмын. Маған осындай мүмкіндік сыйлаған үшін бапкеріме және жарыс ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді. Қарсыласымды жақсы танимын, ол өте күшті спортшы. Бірақ бүгін менің жолым болып, жеңіске жеттім. Алдағы уақытта Ресейдегі әлем чемпионатына қатысып, чемпион болсам деймін, - деді жеңімпаздардың бірі Эльнура Юсупова.

Бұл жарыстың нәтижесінде барлық қатысушылар оң бағасын беріп, көтеріңкі көңіл күйде болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар, сонымен қатар, бағалы сыйлықтар табысталды. Жарыстың нәтижелерін www.arlangrip.kz ресми сайтынан көре аласыздар. Айта кетер жайт, бүгін бұл жарыс ABB Arena-да 18-жастан жоғары спортшылардың арасында өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер