русский язык
Хоккей

«Барыс» қатарынан төртінші рет ұтылды

«Барыс» қатарынан төртінші рет ұтылды
Елордалық «Барыс» хоккей клубы қатарынан төртінші сырт алаңдағы кездесуінде жеңіліс тапты. Бұл жолы астаналықтар «Локомотивтен» ұтылды.  
 
Есепті ойынның бірінші минутында «Теміржолшылардың» хоккейшісі Илья Любушкин ашты. Арасыға екі минут салып айдын иелері есепті ұлғайтты. Тағы екі минуттан кейін Редлихс есепті 3:1-ге жеткізді. Екінші периодта қонақтар сапында Михаил Рахманов Кэм Баркердің пасынан бір гол қайтарды. Дегенмен, ойын соңына дейін бес минут қалғанда Егор Аверин жалпы есепті қорытындылады - 4:1.  
 
«Локомотив» (Ярославль) – «Барыс» (Астана) 4:1 (3:0, 0:1, 1:0)
 
1:0 – Любушкин (Редлихс, Плэтт) – 01:14
 
2:0 – Спруктс (Редлихс) – 03:20
 
3:0 – Редлихс (Плэтт, Спруктс) – 05:36
 
3:1 – Рахманов (Баркер) – 32:09
 
4:1 – Аверин (Апальков, Плотников) – 54:15
 
Қақпашылар: Колесник – Ахонен
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;