Басқа

Футболдан турнирге жиналған журналистері Түркістанды аралады

Футболдан турнирге жиналған журналистері Түркістанды аралады
news-banner7
mobile-news-top

Түркістан облысында футболдан журналистер арасындағы республикалық турнир қатысушылары үшін баспасөз-туры ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңарған Түркістан» атты турнирге қатысушы командалар алдымен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тәу етті. Кейін, бокстан Олимпиада чемпионы, Түркістан топырағының тумасы Бекзат Саттархановтың, чемпионмен іргелес жатқан біртуар қаламгер Садықбек Адамбековтің және белгілі ақын Қаныбек Сарыбаевтың рухына құран бағыштады.

Сондай-ақ республиканың түкпір-түкпірінен жарысқа келген журналистер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысының киелі орындарын аралады. Отырар ауданына аялдаған олар Арыстан баб кесенесіне зиярат етіп, көне Отырар қалашығының шежірелі тарихын еске түсірді.

Бұдан бөлек, облыс мақтанышына айналған ірі кәсіпорындардың, Ордабасы ауданындағы «Александровский сад» ЖШС-ның, «Бөрте-милка» сүт тауарлы фермасының жұмысымен танысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер