Путинцева Индиана-Уэллсте сүрінді
![Путинцева Индиана-Уэллсте сүрінді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1393917501_5150098.jpg?v=28697733)
Юлия Путинцева АҚШ-тың Индиана-Уэллс қаласындағы WTA BNP Paribas Open турнирінің іріктеу кезеңінен өте алмады.
Іріктеу кезеңнің жартылай финалында қазақстандық теннисші бразилиялық қарсыласы Телиана Перейраға жол берді. Қорытынды есеп – 3:6, 3:6.