Қысқы

Қазақстандық спортшы Еуропа кубогында үздіктер қатарынан көрінді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Аяна Жолдас шаңғы акробатикасынан Еуропа кубогының жалпы есебінде үшінші орыннан көрінді.

Шаңғы акробатикасынан Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен Еуропа кубогында қазақстандық Аяна Жолдас үздік үштіктен көрінді. Соңғы кезеңде жарыс жолына шықпаған қазақстандық спортшы 484 ұпаймен жалпы есептегі үшінші орынға жайғасты.

Еуропа кубогының қорытындысы бойынша 966 ұпай жинаған 19 жастағы белоруссиялық Снежана Дребенкова көш бастаса, екінші сатыда оның тағы бір отандасы Яна Ярмошевич жайғасты.

Айта кетейік, Аяна Жолдас алдағы дүбірлі додаларда да ел намысын қорғайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер