«Оле Бразил» академиясының түлегі Бірінші лигада ойнайды

«Оле Бразил» академиясының түлегі Бірінші лигада ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

«Оле Бразил» футбол академиясының түлегі Рауан Сәриев мансабын жалғастырады.

25 жастағы шабуылшы соңғы уақытта жарақатының салдарынан көрінбай кетті. Соңғы рет 2018 жылғы маусым алдында «Ақжайықтың» сапында қаралымнан өткен болатын. Алайда келісімшартқа отырмады. Алаңға соңғы рет 2015 жылы «Ордабасының» жейдесінде шыққан.

Енді Рауан Сәриев мансабын Бірінші лигада өнер көрсететін «Жетісудың» жастар командасында жалғастырады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер