Ауыр атлетика

Ел біріншілігінде 10 рекорд тіркелді

Ел біріншілігінде 10 рекорд тіркелді
news-banner7
mobile-news-top

Өткен демалыс күндері Қызылорда қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды.

Сайысқа Қазақстанның облыстары мен үш қаласынан (Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент) 16 команда және 233 атлет (152 – ұл, 81 – қыз) қатысты. Ер балалар арасында командалық бірінші орынды Қызылорда облысы атлеттері иеленді. Екінші орынды Алматы қаласы еншілесе, үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысы өрендері жайғасты. Қыздар арасында Алматы қаласы командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Екінші орынды Ақмола облысы иемденсе, Қызылорда облысының спортшы қыздары тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Чемпионатта көптеген рекордтар жаңарды. 81 келі салмақ дәрежесіндегі Бектай Асылбек жұлқа көтеруде 1 (153 келі) және серпе көтеруде 2 (190 келі) рекорд орнатты. Сондай-ақ, Қарағанды облысы өкілі Артем Антропов жұлқа көтеруде 2 (155 келі), серпе көтеруде 2 (205 келі) рекорд жаңартып, жалпы 390 келі көтерді.

- Алматы қаласының қыздары сайысқа өте жақсы дайындалып келгенін айта кету керек. Ер балалар арасында 4 алтын жүлде жеңіп алған Қызылорда облысының спортшылары командалық есепте алға озды. Ал Алматы қаласы тек бір алтын медалді қоржынға салды, сонымен қатар, чемпионатта тіркелген рекордтардың арқасында, Алматы командалық есепте екінші орынға ие болды, - деді халықаралық дәрежедегі төреші Ақтоты Абдуллаева.

Турнирдің мықты спортшыларының бірі алматылық Әлішер Сейітқазы (102 келі салмақ дәрежесі бойынша) 6 тәсілдемені де пайдалана отырып, жұлқа және серпе көтеруде 3 рекорд орнатты және жалпы қорытынды бойынша 340 келіні бағындырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер