Басқа

Қазақстан ойын өндірісі рейтингінде үздік 50 елдің қатарына енді

Қазақстан ойын өндірісі рейтингінде үздік 50 елдің қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Newzoo сараптамалық компаниясы 2018 жылы компьютер ойындарын сатудан ең көп пайда түсірген елдердің рейтингін түзді. Қазақстан бұл тізімде 44-орынға жайғасқан.

Newzoo компаниясының мәліметіне сүйенсек, елімізде 18 миллион халықтың 15 миллионы ғаламторда белсенді екен. Өткен жылы Қазақстан халқы компьютер ойындарын сатып алу үшін $207 миллион қаржысын жұмсаған.

Үздік бестікке Қытай, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және Германия кірген. "Аспан асты" елі компьютер ойынын сатудан $34,4 миллиард қаржы түсірген. 3 миллиард долларға аз кіріс түсірген Америка Құрама Штаттары екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті "күн шығыс" елі ($17,5 млрд) түйіндеді. $5,7 миллиардпен Оңтүстік Кория 4-ші, 4,9 млрд табыс тапқан Германия 5-ші сатыда. Рейтингіде ТМД елдерінің ішінде ең жоғары нәтижені Ресей көрсеткен. Солтүстік көршіміз комьютерлік ойын үшін қалтасынан $165,7 миллионын шығындаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер