русский язык
Футзал

Алешандре: «Басты мақсат – «Газпром-ЮГРА»-ны ұту»

Алешандре: «Басты мақсат – «Газпром-ЮГРА»-ны ұту»

Футзалдан Еременко кубогы қарсаңында «Қайрат» футзал клубының ойыншысы Алешандре алдағы турнир жайлы пікірімен бөлісті.  

- Биылғы және былтырғы маусымды салыстырып көрсеңіз...

- Былтырғы маусымға қарағанда биылғы маусым біз үшін ауыр өтуде. Себебі Еуропа чемпионы атағын көтеріп жүру оңай емес.  

- Еременко кубогының топтық кезеңі «Қайрат» үшін қалай өтті?

- Әрине, топтық кезең жеңіл болған жоқ. Дегенмен, біз бар күшімізді салып төрттік финалға жолдама алдық. Ендігі мақсат - чемпиондық атаққа таласу, бұған қоса финалдық кезең Алматыда өтеді.

- Қай командаға қарсы ең қиын ойын болды?

- «Тюменьмен» кездесу ауыр болды. Ендігі мақсатымыз «Газпром-ЮГРА»-ны жеңу. Осы команданы ұтсақ, ары қарай жеңіл болады.

- «Қайраттың» жаңа ойыншылары туралы не айта аласыз?

- Барлық ойыншылар мықты. Дегенмен, оларға әлі өз ойындарын табуы қажет. Какау мен Адил Амаранте олармен жұмыс істеуде, сондықтан бәрі жақсы болатынына сенімдімін. Кайомен бір клубта ойнап үзеңгілес болғанбыз және Рубиньомен алаңда түйіскенбіз.

- Биылғы маусымда «Қайрат» ел чемпионатын ұта алады ма?

- Алдын ала айтпай-ақ қояйын, алда көп кездесулер бар.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;