PROспорт-блог

Қазақ футболының неге «көсегесі көгермейді»

Қазақ футболының неге «көсегесі көгермейді»
news-banner7
mobile-news-top

Өткен жексенбіде футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы елордадағы «Астана-Арена» алаңында 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Ресей құрамасымен кездескен болатын.

Футбол жанкүйерлері асыға күткен ойын қазақстандықтарды қуанта қойған жоқ. Өз алаңында өнер көрсеткен жерлестеріміз 0:4 есебімен жеңіліс тапты.

Тіпті қазақстандық футболшылардың қақпаға доп енгізуге де мүмкіндігі аз болды. Спорт комментаторлары «аздаған сәттілік жетіспеді» деп футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлерді жұбатқанымен, футболшылардың тәжірибесі жетіспегендігі тайға таңба басқандай баршамызға көрініп тұрды.

Әрине, бұл отандық футбол құрамасының алғашқы жеңілісі емес. Қазақ футболшыларына жеңіске жетуге кедергі болатын не?! Қаншама қаржыландырсақ та, неге Қазақ футболы неге дамымайды?!

Қазақ жерінде бұл спорт түрі 100 жыл бұрын пайда болса да, бүгінге дейін айитарлықтай биік белесті бағындыра алған жоқ. Тіпті, «сәтсіздікке» әбден еті үйреніп кеткен сияқты.

Әрине, аталмыш салада Алматының «Қайраты», Елорданың «Астанасы», Қарағандының «Шах­тері», «Ақтөбе», «Ертіс», «Ордабасы», «Тобыл» секілді футбол клубтарының сіңірген еңбектерін айтпай кетпеске болмайды. Алайда, осы командалардың ойыншыларынан жасақталған Қазақстанның құрамасы алаңға шыққанда өз өнерлерін толық көрсете алма жатады. Өнер көрсете алмағаны былай тұрсын, жай жеңіліспен шектеліп қалмай, ірі есеппен ұтылатынын қайтерсіз?! «Қазақ футболына еш жағдай жасалмаған» деп айтайын десең де, ҚПЛ клубтарына жыл сайынғы бөлінген қаржы сомасын көріп таң қаласың... Құмға сіңіп кеткен су секілді...

Қаражат бөлінісі: қайда, қалай, қашан?

Сонымен, қазақ футболының аяғына тұсау болған кедергілерді санап көрейікші.

1. Заманауи базаның қалыптаспауы.

Біз де не жоқ, заманауи база, база былай тұрсын, жөнді стадион жоқ. Ең алдымен, алаңдарды түзету керек. Ала доп шеберлерінің кәсіби деңгейін көтеру үшін елімізде заманауи базаны қалыптастыру қажет деп ойлаймын.

Өңірлердегі футболдың дамуы әкімдікке байланысты. Егер әкімдік қаржыландырса, сол өңірдің футболы дамиды. Жалпы айтқанда, инфрақұрылымды дамыту керек.

2. Қазақстандық футболшылардың кәсіби шеберлігінің төмен деңгейі.

Ойыншыларымыздың физикалық дайындығы еуропалық деңгейде өнер көрсететін футболшылардан әлдеқайда төмен екені айдан анық. Бір қуантарлығы, бүгінде ұлттық құрама сапында Бауыржан Исламхан, Еркебұлан Сейдахмет, Бауыржан Жолшиев, Ермек Қуантаев сынды алаңда жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүрген өзіміздің қазақ футболшылармыз бар. Бірақ та, аздаған тәжіребие жетіспейтінін байқауға болады.

Біздің құрамаға Зинедин Зидан әкеліп қойсаң да, бірден жеңіске жете алмайды. Себебі, жаттықтырушы қанша білікті маман болса да, бәрі ойыншыға байланысты. Ал, біздегі ойыншылардың деңгейі әлі көтерілер емес.

Қазақ футболының дамуы үшін ойыншыларымыз шетелдік құрамада ойнауы немесе шетелдік клубтарда тәжіребие алмасуы қажет.

ҚПЛ клубтарына жыл сайын 30 миллиард теңге жұмсалады

3. Жас қазақ ойыншыларға мүмкіндік берілмеуі.

Еліміздегі футболдың өркендеуіне кедергі келтіріп тұрған тағы бір мәселе - қазақ футболшыларының аздығы. Иә, сырттан легионерлер шақыру әлем елдерінің тәжірибесінде кездесетін жағдай. Еуропалық клубтар құрамдарына шетелдік ойыншыларды шақырғанымен, олар өз елінің жастарын ешқашан назардан тыс қалдырмайды.

Шетелдің үздік деген футболшыларына қанша ақы төлегенімен қазақ футболы үшін аянбай тер төгеді деп айту қиын. Олардың тек ақша үшін ғана ойын көрсетпесіне кім кепіл? Осындай ойыншылар азаймайынша, қазақ футболының «көсегесі көгермейді».

Футболмыз дамысын десек, қазақтардың шоғырын көбейту керек. Өйткені кез келген спорт түрінен жеңіске жету үшін ойыншының бойында ұлттық рух болуы тиіс. Қазақ футболын өрге сүйрейтін тек қазақ футболшылары ғана.

Депутаттарға жауап

4. Менеджмент пен маркетингтің жөнді атқарылмауы.

Біздегі футбол клубтары қаржыландыру жағына келсек, тек үкіметке ғана үміт артады. Егер бюджеттен қаржы бөлінбесе, ала доп додасы тоқтап қалады. Әлем мойындаған «Барселона», «Реал Мадрид» клубтары акционерлердің меншігінде екен, яғни, үкіметтен үміт күтпейді. Демеушілеріне немесе жөнге қойылған басқару жүйесіне сенеді. Оларда менеджмент жағы жақсы дамыған, билетті, жейделерде сату арқылы қыруар ақшаға кенеліп отыр.

УЕФА ақпарына сай, 2010- 2016 жыл аралығында ҚПЛ клубтары 42 миллиард теңге кіріс келген екен. Оның 81%-ы - мемлекеттік бюджет арқылы. Қалғаны – демушілік көмек, УЕФА-ның төлемдері. Мұндай антитопта Қазақстан футбол лигасы тек Сан-Маринодан (82%-ы - мемлекеттік бюджет арқылы) ғана оза алады екен. Қазақстандық футболға теледидарлық құқық ешқандай да пайда әкелмеді десе де болады. Тіпті, Аршавиннің өзі де көмектесе де алмады...

Отандық ҚКФЛ (Қазақстан­ кәсіпқой футбол лигасы) ойындар­ды теледи­дардан көрсеткені және жарнамасы үшін бір тиын ақы алмайды дейді. Осыдан кейін біздегі футбол қайдан дами қойсын!...

«Ережеге бағынбайтын» клубтар

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер