Жеңіл атлетика

Жеңіл атлеттеріміз Malaysian Open Grand Prix турнирінде 5 медаль жеңіп алды

Жеңіл атлеттеріміз Malaysian Open Grand Prix турнирінде 5 медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Куала-Лумпур қаласында жеңіл атлетикадан Malaysian Open Grand Prix турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Қазақстандықтар аталмыш турнирде бес медаль жеңіп алды.

Соңғы жарыс күнінде Кристина Овчинникова (биіктікке секіру) мен Валим Левченков (1500 метр) қола жүлдеге қол жеткізді.

Иван Иванов ядро лақтырудан, Ярослава Вислобокова сырықпен секіруден турнир жеңімпазы атанса, Сергей Сухов 800 метрге жарысудан мәреге үшінші болып келген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер