Басқа

ІІМ: Баландиннің айнасы ұрланған қылмыс бейнебақылауға түсіп қалған

ІІМ: Баландиннің айнасы ұрланған қылмыс бейнебақылауға түсіп қалған
news-banner7
mobile-news-top

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жүзуден Олимпиада жеңімпазы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлау фактісіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Prosports.kz порталы.

«Шынында, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлау фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камералары аталмыш қылмысты түсіріп алған.

Сол себепті, Алматы қаласының Полиция департаментінің жедел қызметкерлері аталған қылмысты жасағандарды ұстайды деген үміттеміз», - деді Юрий Ильин Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, кеше бірқатар БАҚ көздері Алматыда белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрлап кеткені туралы хабарлама таратқан болатын. Баландин достарымен дәмханада тамақтанып шыққаннан кейін, машинасының айнасып таппай қалған. Ұрлық туралы полицияға хабар берген.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер