Басқа

Таэквондошыларымыз Гамбургте 7 медаль жеңіп алды

Таэквондошыларымыз Гамбургте 7 медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Германия Гамбург қаласында таэквондодан өткен «German Оpen G1» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Propsports.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

74 келі салмақ дәрежесінде ел қоржынына үш бірдей медаль түсті. Финалда Лес Әбдусамат ресейлік қарсыласын жеңіп, алтыннан алқа тақса, Нұрсұлтан Мамаев пен Нұрқанат Қожахмет қоланы жеңіп алды.

Бұдан бөлек, Самат Темірханов (54 келі), Сапарғали Әбдірашев (54 келі), Елдос Ысқақ (58 келі) және Дениз Жансель (73 келі) үшінші орыннан көрініп, қола медальға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер