Қысқы

Тау шаңғысынан ел чемпиондары анықталды

news-banner7
mobile-news-top

26-29 наурыз аралығында Алматыдағы «Шымбұлақ» курортты кешенінде тау шаңғысынан Қазақстан чемпионаты аяқталып, жеңімпаздар анықталды деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті.

Әйелдер арасындағы «супер-гигант» бағдарламасында Мария Григорова алтын, Александр Троицкая күміс, Виктория Коваленко қола жүлдегер атанды. Тұғыр биігінен көрінген спортшылардың барлығы да Алматы қаласының намысын қорғаған.

«Слалом» бәсекесінде қыздар арасынан Александра Троицкая жеңімпаз атанса, Мария Григорова күміс, риддерлік Арина Орлова қола медаль тағынды.

Ерлер арасындағы «слалом» жарысы Игорь Закурдаевтың (Алматы) жеңісімен аяқталса, риддерлік Захар Кучин мен Данил Сысоев өзара екінші және үшінші орынды бөліскен.

«Альпі комбинациясы» мен «Гигантты слалом» бойынша Мария Григорова мен Игорь Закурдаев топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер