Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева: Бір күн демалып, жаттығуға кірістім

Элизабет Тұрсынбаева: Бір күн демалып, жаттығуға кірістім
news-banner7
mobile-news-top

Илья Авербухтың шоуына қатысу үшін Алматыға ат басын бұрған мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева Prosports.kz тілшісіне сұқбат берді.

- Бір күнге ғана жолым түскені өкінішті-ақ. Алматыда осылай қарсы алады деп күтпедім. Қуаныштымын. Илья Авербухтың шоуы мен үшін Қазақстандағы алғашқысы болмақ. Көрермендер көп жиналса екен деймін. Әрқайсыңызды көруге қуаныштымын. Қолдауларыңыз үшін көп рақмет.

- Элизабет, әлем чемпионатындағы жетістігіңізден кейін қандай күй кештіңіз?

- Бір-ақ күнге демалыс алдым. Сосын жаттығуға қайта кірісіп кеттім. Кеше мұзайдында болдым, ал бүгін шоуға қатысу үшін ұшып келдім. Жүлде - әрине жақсы, бірақ жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды.

- Төрт айналым әдісін үйрену қиынға соқты ма?

- Бұл әдісті ұзақ уақыттан бері қайталап жүрмін. Дегенмен жарақатым болған сәтте уақытша тоқтататынмын. Жаттықтырушылардың көмегімен сайыста осы әдісті қолдана алдым. Бұған дейін бұл туралы ойламаған едім. Өте қиын әдіс. Әлем чемпионатына дейін екі жарыста төрт айланым әдісін жасап көргім келді. Алайда қолымнан келмеді.

- Кейбір сарапшылар төрт айналым әдісі әйелдерге орындаудың қажеті жоқ деген пікір айтады. Сіз бұған қалай қарайсыз?

- Төрт айналым әдісін орындап, өз бағдарламаңды сәтті көрсету мүмкін деп ойлаймын. Мәнерлеп сырғанаудың дамып жатқаны дұрыс.

- Алдағы уақытта бағдарламаңызды қиындату ойыңызда бар ма?

- Бұл турасында жаттықтырушылармен кеңесетін боламыз. Маусымаралық үзілісте не боларын көреміз.

- Бір-екі жылда төрт айналым әдістерін орындайтын Этери Тутберидзе бастаған жас мәнерлеп сырғанаушылар ересектер деңгейіне қосылады. Бәсекелестіктен қорықпайсыз ба?

- Бұл - қалыпты жағдай. Бәсекелестік кез келген уақытта болған. Әлем чемпионатында да болды.

- Жуырда Евгения Медведева келесі маусымда төрт айналым әдісін орындайтынын мәлімдеді. Жасы келген спортшыларға бұл әдісті үйрену қиынға соқпай ма?

- Нақты жауап беру қиын. Бірақ бүгінге дейін жасы келген спортшылардың бірде бірі төрт айналым әдісін орындамаған. Мүмкін, үйренетін шығар.

- Бір сұқбатыңызда ақпан айында жарақат алғаныңызды айтыпсыз. Сондай Универсиада мен әлем чемпионатында жарақатпен өнер көрсеттіңіз бе?

- Тым әсірелеудің қажеті жоқ секілді. Жарақатсыз спортшы болмайды. Бұдан қорқатыны жоқ.

- Демек дайындық кезінде жарақатыңыз кедергі келтірген жоқ қой?

- Маусым басында біраз қиындықтар туғызды. Бірақ біздің мамандықта бұл қалыпты жағдай.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында алғаш рет төрт айналым әдісін орындап, күміс жүлдегер атанған еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер