русский язык
Бокс

Асхат Уәлихановтың жекпе-жегін Qazsport көрсетеді

Асхат Уәлихановтың жекпе-жегін Qazsport көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылғы 30 наурызда 28 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлиханов (4-1-0, 2 KO) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші жартылай орташа салмақ санатында (63,5 келі) өтетін жекпе-жек 8 раундқа жоспарланып отыр.

Бұл кездесу Гвоздик-Нгумбу жекпе-жегінің андеркардында өтеді. Бокс кешін Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.

Уәлихановтың қарсыласы Пуэрто-Рико елінің 27 жастағы боксшысы Хосе Лопес (11-1-0, 9КО).

Жекпе-жекті 31 наурызда 6:55-те Нұр-Сұлтан уақыты бойынша Qazsport телеарнасынан көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;