ЖХЛ. Плей-офф. «Қазцинк-Торпедо» сырт алаңда «Дизельден» жеңілді
![ЖХЛ. Плей-офф. «Қазцинк-Торпедо» сырт алаңда «Дизельден» жеңілді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1393785880_101590099.jpg?v=28698535)
Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасы аясындағы плей-офф кезеңнің 1/8 финалында пензаның «Дизель» командасына жол беріп қойды.
Қонақтар есепті бірінші ашқанымен, ойын соңына дейін ресейліктерден үш шайба жіберіп алды. Осылайша, өскемендіктер бірінші кездесуде жеңілуге мәжбүр болды.
«Дизель» (Пенза) – «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)
0:1 – Кошелев (Савицкий) – 05:36
1:1 – Кузьмин (Зотов, Озолиньш) — 14:42
2:1 – Чесалин (Кузьмин) – 25:32
3:1 – Кузьмин (Чесалин, Озолиньш) – 59:12
Қақпашылар: Ключников – Янков
Жалпы есеп: 1:0