Басқа

Брейк-данс Олимпиада бағдарламасына енеді

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) брейк-дансті Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізді, деп хабарлайды prosports.kz.

Around the Rings басылымының жазуынша, қатысушылар бұл спорт түрінен алғаш рет 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада кезінде бақ сынайды. Сондай-ақ Франция астанасында спорттық құзға өрмелеу, скейтбординг және серфинг жарыстары жұрт назарында болады.

Брейк-данс 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының бағдарламасында болды. Бұл спорттан алғашқы чемпион - ресейлік Сергей Чернышев.

Бұған дейін ХОК 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қатарына бейсбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг жарыстарын енгізу туралы шешім қабылдаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер