русский язык
Бокс

Гена cәуірдің 26-да рингке шықпайды

Гена cәуірдің 26-да рингке шықпайды
Әкесінің қайтыс болуына байланысты орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 26-шы сәуір күніне жоспарланған кездесуі өтпейтін болды.
 
Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлім етті:
 
- Бүгін Геннадийдің менеджері 26-шы сәуірде жекпе-жек өтпейтінін айтты. Өткен аптада Генаның бапкері Абель Санчезпен Қазақстанға әкесімен қоштасуға келгенбіз. Головкиннің жанұясы үшін бұл ауыр соққы болды. Қазір Гена анасымен Қазақстанда. Әзірше, Головкиннің шаршы алаңға шығатын күнін нақты айта алмаймыз. 
 
Естеріңізге сала кетсек, Геннадий соңғы кездесуінде бірінші ақпан күні 7-ші раундта техникалық нокаутпен Осуману Адаманың ұтқан болатын.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;