Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева Илья Авербухтың шоу-бағдарламасына қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Илья Авербухтың «15 лет успеха» мұз шоуына өнер көрсететін болды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл шоу Almaty Arena сарайында 30 наурызда өтеді.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева атақты Денис Тенді еске алуға арналған номерін орындайды.

«15 лет успеха» мұз айдыны шоуы 30 наурызда Almaty Arena 19:30-те басталады.

Айта кету керек, Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанған болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер