русский язык

Галина Вишневская жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды

Галина Вишневская жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская АҚШ-та өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде күміспен күптелді.

Семей өңірінің тумасы көшбасшыдан 0,3 секундқа қалып қойды. Бірінші орынды ресейлік спортшы Евгения Павлова жеңіп алды. Ал үздік үштікті Анника Кнолл түйіндеді.

Қазақстан атынан сынға түскен Анастасия Кондратьева 19-шы болса, Александра Сасина - 38-ші орыннан көрінді. Тағы бір отандасымыз Валентина Сайленко 44-ші сатыда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;