русский язык
Бокс

Елеусінов «Astanа Arlans» сапында бірінші жекпе-жегін өткізеді

Елеусінов «Astanа Arlans» сапында бірінші жекпе-жегін өткізеді

Бүгін «Астана арландары» WSB Дүниежүзілік бокс сериясының топтық кезеңдегі соңғы жекпе-жегін өткізеді.  Бұл жолғы қарсыласы – Польшаның «Hussars Poland» командасы.

Бүгінгі жекпе-жекте шаршы алаңға шығатын боксшылардың тізіміне өзгерілді. Ұлттық құрама боксшылары Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов бес раундтық жекпе-жекте күштерін сынап көрмек. Ал Берік Әбдірахмановтың орнына Ғани Жайлауов шығатын болды.

52 келі. Ілияс Сүлейменов - Гжегорж Козловский. 

60 келі. Ғани Жайлауов  -  Давид Павел Михелус.

69 келі. Данияр Елеусінов  - Жора Симонян.

81 келі. Әділбек Ниязымбетов - Казюж Зыциньский.

+91 келі. Армен Симонян - Сергей Вервейко.

Дүниежүзілік бокс сериясының топтық бәсекесі аяқталғаннан кейін, командалар біраз уақыт үзіліс алады. Ширек финалдың алғашқы жекпе-жектері 28-ші наурызға жоспарланған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;