Күрес

Жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды

Жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-23) қазақстандық еркін күрес шеберлері үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Юсуп Батырмурзаев 125 келіге дейінгі салмақ санатында жеңімпаз атанды. Ақтөбелік балуан жарыс жолындағы қарсыластарына бірде-бір ұпай берген жоқ.

Бұдан бөлек екі қола жүлдені Ілияс Жұмай (65 келі) мен Есенғали Дархан (74 келі) жеңіп алды.

Ал грек-рим күресінен балуандарымыз жеті медаль жеңіп алып, жалпы есепте үшінші орын алды.

Алтын медаль: Нұрбек Қызыров (67 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі).

Күміс медаль: Дастан Зарлыханов (60 келі), Қуанышбек Досжанов (82 келі).

Қола медаль: Каһарман Кисметов (77 келі), Қордабай Мейірбек (87 келі), Пшеничников Саркис (130 келі).

Қазақстан құрамасы қыздар күресінен кеше үш медаль алды.

Атап айтқанда, Светлана Анкичева (50 келі) күміс жүлдегер атанса, Екатерина Фирстова (57 келі) мен Валерия Гончарова (68 келі) қола медаль жеңіп алды.

Қола медаль алған қос балуанымыздың салмағында тек үш спортшы ғана болғандықтан, олар екі белдесуде жеңілсе де жүлделі орынға ілікті.

Бұрымды балуандарымыз үшін 22 наурыз сәтті күн болды. Ол күні Марина Седнева (55 келі) алтын, Мадина Бекбергенова (59 келі) мен Александра Зайцева (72 келі) күміс жүлдеге ие болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер