Футзал

Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) ЕВРО-2019 турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады, деп жазады prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің матчтары 2019 жылы 27-30 наурыз аралығында Тампере қаласындағы «Kauppi Sport Center» спорт кешенінде өтеді. Қанат Танақпаев шәкірттері Финляндия, Франция және Польшамен бір топта өнер көрсетеді.

Топ жеңімпазы 2019 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында Ригада өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

2019 жылы 27 наурыз

Қазақстан - Франция

Финляндия - Польша

2019 жылы 28 наурыз

Польша - Қазақстан

Финляндия - Франция

2019 жылы 30 наурыз

Франция - Польша

Қазақстан - Финляндия

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер