Басқа

Мұхамедиұлы: Қазақстандықтарды Элизабет Тұрсынбаеваның сенсациялық жеңісімен құттықтаймын

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының Мәденит және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Элизабет Тұрсынбаеваны құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz cайты.

- Сүйінші, достарым! Біздің Элизабет Тұрсынбаева ӘЧ екінші орынды жеңіп алды! Қуанышта шек жоқ!

ӘЧ Элизабет әлемде тұңғыш рет төрт айналымға секіру элементін орындады. Осы жеңіспен Элизабетті, оның ата-анасын, бапкері Этери Тутберидзені шын жүректен құттықтаймын! Барша қазақстандықтарды біздің мәнерлеп сырғанаушымыздың сенсациялық жеңісімен құттықтаймын!

Марапаттау рәсімін қарап отырмыз. Қуаныштымыз!, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионаты жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева үшін сәтті аяқталды. Бүгін еркін бағдарламада отандасымыз 148, 80 ұпай еншіледі. Осылайша екі бағдарлама қортындысында 224, 76 ұпай жинаған Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал бірінші орынды Ресей атынан сынға түскен Алина Загитов жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер