ҚХЛ Гагарин кубогынан шет қалған «Барысқа» қолдау көрсетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚХЛ елордалық «Барысты» Гагарин кубогындағы «Авангардтан» жеңілісінен соң қолдау көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Маусым жанкүйерлер күткеннен ерте аяқталды. Жігерлік танытқандарыңыз үшін рақмет, күзде кездескенше!», - деп жазды ҚХЛ твиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, Гагарин кубогының плей-офф кезеңіндегі «Барыс» пен «Авангард» арасындағы бесінші ойында қонақтар жеңіске жетіп келесі кезеңге өтті.