Грек-рим күресі

Балуандар Ұлан-Батырда алты медаль жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Ұлан-Батырда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Грек-рим күресінің шебері, 67 келіге дейінгі салмқата сынға түскен Нұрбек Қызыров Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, 97 келідегі Олжас Сырлыбай да алтын иеленді.

60 келідегі Дастан Зарлыханов, 82 келідегі Қуанышбек Досжановтар күміс медаль иегері атанса, 77 келідегі Қахарман Қисметов пен аса ауыр салмақта Саркис Пшеничников қола жүлде жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер