Қысқы

Тұрсынбаева әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында үшінші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Сайтамадағы (Жапония) әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыз алғашқы бағдарламадан соң 75.96 ұпай жинап, үшінші орын алды. Бұл оның осы маусымдағы ең үздік нәтижесі. Осылайша, Элизабет еркін бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алды.

Ал көшб асында ресейлік Алина Загитова келеді, ол 82.08 ұпай жинаған.

Енді еркін бағдарлама жұма күні өтеді.

Сайтама (Жапония)

Әлем чемпионаты

Әйелдер

Қысқа бағдарлама

  1. Загитова (Ресей) - 82,08 ұпай
  2. Сакамото (Дапония) – 76,86
  3. Тұрсынбаева (Қазақстан) – 75,96
  4. Медведева (Ресей) – 74,23
  5. Лим (Корея) – 72,91
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер