Басқа

Серік Сәпиев Назарбаевқа алғыс білдірді

news-banner7
mobile-news-top

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сәпиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

- Мен өз атымнан және барлық ел спортшыларының атынан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа егеменді еліміздің көркейтуіне қосқан үлесі үшін үлкен алғыс білдіремін. Нұрсұлтан Әбішұлы қашанда ел спортының дамуына қолдау көрсетті. Спортшылардың әрбір бастамасын қолдап, жеңісіне қуанды. Елбасының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде спорттық нысандар ашылып, жастар спортқа ден қойды. Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің паралимпиадалық қозғалысын дамытып, спортты әлеуметтік саты деңгейіне шығарды.

Жастардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасады. Оған республика бойынша қолжетімді 100 дене-шынықтыру сауықтыру орталықтарын салу тапсырмасы дәлел бола алады. Біз бүгінде осы тапсырманы орындау жолында еңбек етіп жатырмыз.

Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық тілеймін. Сіздің өскелең ұрпақ үшін қашанда үлгі болатыныңыз анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер