Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында өнер көрсетеді

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Жа­понияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында барша қа­зақстандық жанкүйерлер Элизабет Тұрсын­бае­ваға ерекше сенім артады. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" басылымы хабарлайды.

19 жастағы аруымыз бұған дейін де көптеген халықаралық дода­ларда табысты өнер көрсетті. 2016 жылы жасөспірімдердің Дү­ние­жүзілік Олимпиадасында қола медальды еншіледі. Одан кейін Азия ойындарын үшінші орынмен қорытындылады. 2018 жылы Оңтүстік Кореяда алауы тұтанған қысқы Олимпия ойындарында 12-сатыға табан тіреді. Әлем чемпионаттарына үш мәрте қатысып, мынадай нәтижелерге қол жеткізді: 2016 жыл – 12-орын, 2017 жылы – 9-орын және 2018 жылы – 11-орын. Оның сыртында, басқа да толып жатқан турнирлерде жеңіп алған жүлделері бар. Жуырда ғана Ресейдің Крас­ноярскі қаласында аяқталған қысқы Дүниежүзілік Универсиадада Тұр­сынбаева күміс медальды мойнына ілді. Осы нәтижеге қарап, қазір оның бабы өте жақсы екенін байқауға болады. Оның үстіне, бұл күндері Элизабеттің тәжірибесі де толысып, күрделі элементтерді асқан шеберлікпен орындап жүр. Енді барша Алаш жұрты айтулы спортшының жолына үлкен үмітпен қарауда. Күншығыс елін­де өтетін жарыста Элизабет Тұр­сынбаева әлем чемпионатында жүлде алған қазақ қыздарының көшін бастаса, керемет болар еді...


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер