Әлем футболы

Аршавин Қазақстан құрамасын жатқа білетінін айтты

Аршавин Қазақстан құрамасын жатқа білетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Ресей құрамасы мен «Қайрат» футбол клубының бұрыңғы футболшысы Андрей Аршавин 24 наурыз күні Астанада өтетін Қазақстан - Ресей матчында комментаторлық етеді. Осы ойын жайында ол «Известия» басылымына пікір бідірді.

— Бір кездері мен Англия чемпионатында комментаторлық қызмет еткенмін. Матчтан кейін пікір білдіру бір бөлек, ал матч барысында ойын туралы айту мүлде басқа. Бұл жерде футболды білгеннен бөлек, тіл байлығың мықты болуы қажет. Қазақстан мен Ресей арасында өтетін матчты жүргізгенде қиналмаймын деп есептеймін. Өйткені мен Қазақстанның жарты құрамын жатқа білемін. Олар негізінен мен ойнаған «Қайрат» пен «Астана» футболшыларынан құралған.

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей арасындағы матч 24 наурызда Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер