Әлем футболы

Аршавин: Бразилиялықтардың ойнауына жол бермеу керек

Аршавин: Бразилиялықтардың ойнауына жол бермеу керек
news-banner7
mobile-news-top

«Зенит», лондондық«Арсенал», «Кубань» және «Қайрат» футбол клубтарының бұрыңғы ойыншысы Андрей Аршавин Ресей құрамасына алынып жатқан бразилияқ футболшыларға қарсылығын білдірді.

«Ресей құрамасы көңілімнен шыға ма? Негізінде ия. Алайда, «Спартак» қақпашысы Александр Селихов қатарға қосылса жақсы болар еді. Менің бір түсінбейтінім қақпаға бразилиялық легионерді алу не керек?

2018 жылғы әлем чемпионатында жоғарғы көрсеткішке жету үшін біз бәріне бардық, тіпті құрамаға легионерді қостық. Неге өзіміздің балаларымызды дайындамасқа. өсірмеске? Тіпті, қателеспесем Қазақстан ұлттық құрамасында сырттан әкелінген ойыншылар біздікіне қарағанда аздау. Мен бразилиялықтардың ұлттық құрама сапында ойнауына түбегейлі қарсымын, онсызда олар футзалды жаулап алды», — деді Аршавин «Известияға» берген сқхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер