Әлем футболы

Футбол тарихындағы ең үздік 50 бапкер

Футбол тарихындағы ең үздік 50 бапкер
news-banner7
mobile-news-top

France Football журналы футбол тарихындағы ең үздік 50 бапкердің есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франциялық мамандардың саралауынша, футбол әлеміндегі ең ұлы бапкер - кезінде «Аякс» пен «Барселонаны» баптаған Ринус Михелс. Голландиялық маман әйгілі жаппай шабуылдап, жаппай қорғану тактикасын дүниеге әкелген. Тіпті атақты Йохан Кройфтің өзі осы бапкердің шекпенінен шыққан деуге болады.

Ал екінші орында Сэр Алекс Фергюсон жайғасқан. Бәріміз білетіндей шотландиялық маман «Манчестер Юнайтедті» 27 жыл баптап толағай табысқа жеткен. Ал тізімнің үшінші сатысы италиялық бапкер Ариго Саккиге бұйырған.

Үздік ондыққа енген өзге бапкерлер: Йохан Кройф (Голландия), Хосеп Гвардиола (Испания), Валерий Лобановский (Украина), Эленио Эррера (Аргентина), Карло Анчелотти (Италия), Эрнст Хаппель (Австрия), Билл Шенкли (Шотландия).

France Football Рейтингісінің 11-50-ші сатысында мына мамандар тұр:

Мэтт Басби, Джованни Трапаттони, Жозе Моуринью, Мигель Муньос, Брайан Кло, Марчелло Липпи, Нерио Рокко, Луи ван Гал, Оттмар Хитцфельд, Белла Гуттман, Фабио Капелло, Зинедин Зидан, Виктор Маслов, Херберт Чапман, Юпп Хайнкес, Боб Пэйсли, Юрген Клопп, Альберт Батте, Гус Хиддинк, Удо Латтек, Диего Симеоне, Арсен Венгер, Висенте Дель Боске, Джок Стейн, Теле Сантана, Вик Букингэм, Хеннес Вейсвеллер, Бобби Робсон, Диттмар Крамер, Мирча Луческу, Томислав Ивич, Стефан Ковач, Луис Арагонес, Франк Райкард, Отто Рехагель, Раймонд Готалс, Марсело Бьелса, Антонио Конте және Жан-Клод Садю.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер