Басқа

Семсерлесуден Қазақстан командасы үш бірдей ірі жарысқа қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері наурыздың аяғында үш бірдей ірі жарысқа қатысады. Атап айтар болсақ, нояндар Аргентина, Венгрия және Бельгияда өтетін әлем кубогі кезеңдерінде сынға түседі.

20-25 наурыз күндері Аргентина астанасы Буэнос-Айресте шпагадан ерлер арасындағы әлем кубогі кезеңі өтеді. Аталған бәсекеге Қазақстан атынан төмендегі спортшылар қатысады: Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Иван Дерябин.

Наурыз айынан бастап шпагадан Қазақстан ерлер командасына жаңа кеңесші маман келді. Венгриялық Ференц Тот шпагашыларды әлемдік жарыстарға бастап бармақ. Аргентинада қазақстандық спортшылар тұңғыш рет Ференцтің нұсқауымен сынға түседі.

21-25 наурыз күндері Бельгияның Сент-Никлас қаласында саблядан әйелдер арасындағы әлем кубогі кезеңі жеңімпаздарды анықтамақ. Бельгия төрінде Қазақстан атынан Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина, Татьяна Приходько және Карина Доспай бақ сынайды.

Ал дәл осы кезеңде Будапештте өтетін сабялдан ерлер арасындағы әлем кубогі додасына Қазақстан атынан Нұржан Кәрім, Саттархан Назарбай, Рахманәлі Мұхамедәлі және Дамир Ибрагимов аттанады.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының бас бапкері – Алексей Писцов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер