Басқа

ҚФФ құрметті президенті, Елбасы Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтатты

ҚФФ құрметті президенті, Елбасы Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтатты
news-banner7
mobile-news-top

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жариялады.

Әрі Мемлекет басшысының қызметін атқарушы болып - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы әрі ҚР үстел теннис федерациясының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілді. Назарбаев өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға лайық тұлға екенін айтты.

Айта кетерлігі, Елбасы елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметінде қала беретінін мәлімдеді.

- Халқымыздың қамы - менің мүддем болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізде жаңғырту процестерін жалғастыратын болады, - деді Президент Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер