«Ертістің» қорғаушысы Латвия құрамасына шақырту алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызПавлодарлық «Ертістің» қорғаушысы Каспарс Дубра Латвия құрамасына шақырту алды. Бұл туралы латвиялық футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Prosports.kz сайты хабарлады.
Осылайша, Дубра өз құрамасы сапында ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінде Македония және Польшаға қарсы ойнауы ықтимал.
Айта кетейік, бұл матчтар, тиісінше, 21 және 25 наурызда өтеді.