русский язык
Футбол

Марк Гурман: «Қиын топқа түстік, әрқайсысымен ойын ауыр болмақ»

Марк Гурман: «Қиын топқа түстік, әрқайсысымен ойын ауыр болмақ»
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марк Гурман «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында ЕУРО-2016 жеребе қорытындысы мен ұлттық құраманың жаңа жаттықтырушысы Юрий Красножан жайлы айтып берді. 
 
«Қиын топқа түстік, әрқайсысымен ойын ауыр болмақ. Меніңше, басты кездесу голландиялықтарға қарсы өтеді, себебі бұл Еуропаның маңдай алды командасы. Құрамында беделді ойыншылар көп.
 
Красножанмен әлі таныс емеспін. Бірақ «Қайраттың» ойындарын тамашалауға келгенін білемін. Ұлттық құраманың жаттығу жиындарына шақырту алғаныма қуаныштымын», - деді Гурман.
 
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ЕУРО-2016 іріктеу кезеңнің жеребе қорытындысы бойынша, Голландия, Чехия, Исландия, Түркия мен Латвия құрамаларымен бірге «А» тобына түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;