Елеусінов Брюс Лиге ұқсай ма
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кезекті жеңісінен кейін шетелдік журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
- Сен Филадельфияда «Роккидің баспалдақтарына» бардың ба?
- Жоқ, бармадым. Фильм маған ұнайды, бірақ оған уақытым болмады.
- Ол Роккиден гөрі Брюс Лиге көбірек ұқсайды, - деп қалжыңдады Даниярдың менеджері Зия Әлиев.
- Соған көтерілу үшін таңғы алтыда тұрар ма едің?
- Таңғы алтыда ол әуежайда болады, - деп қосып өтті Әлиев. Айта кетейік, «Рокки баспалдақтары» - Филадельфия көркем өнер музейінің үлкен есігіне апаратын ауқымды баспалдақ. Бұл орын Сильвестер Сталлоне басты рөлде ойнайтын «Рокки» фильмінің арқасында атақты болды.