Теннис

Бублик Майами жарысына қатысып жатыр

Бублик Майами жарысына қатысып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда литвалық Ричардас Биранкиспен күш сынасты. Бублик дүниежүзілік рейтингте 131-орында болса, қарсыласы 82-сатыда еді. Соған қарамастан, Александр матч барысында басымдық көрсетіп, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке сағат жарымға созылды. Бублик енді іріктеу сайысының финалында әлемнің 97-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер