Әлем футболы

Мессидің кезекті рекорды

news-banner7
mobile-news-top

Аргентиналық сұрмерген Лионель Месси «Барселона» командасы сапында қол жеткізген жеңістер саны бойынша клуб рекордын орнатты.

«Бетиске» қарсы ойында хет-трик жасаған футболшы командасына жарқын жеңіс сыйлады. Лионель Месси «Барселона» сапында (барлық турнирлерді қоса алғанда) 477-ші жеңісін тойлады.

Нәтижесінде осыған дейін үзеңгі қағыстырып тұрған Хавиді (476 жеңіс) басып озды. Аргентиналық ойыншыға рекорд тіркеу үшін 647 ойын жеткілікті болды. Ал Хави өз рекордын 767 ойында тіркеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер